Күні: 06.02.25
Сыныптар: 10-11
Мақсаты: білім алушылардың еңбек нарығында сұранысқа ие қабілеттері мен мүдделеріне сәйкес келетін болашақ мамандықты саналы және жауапты таңдауға психологиялық дайындығын қалыптастыру үшін жағдай жасау.
* Оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға қолдау көрсету.
* Оқушылардың еңбекке саналы көзқарасын дамыту, өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтау. Бурабай ауданы ТЖБ МӨС – 7 аға инженері, аға лейтенант В.К. Мейрамов Баянбай ауылының ЖББМ 10-11 сынып оқушыларымен Мәлік Ғабдулин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.