11 ақпан күні Баянбай ауылының жалпы білім беретін мектебінде патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік, елінің өткеніне құрмет, өзге халықтарға бауырмалдық сезімдерін қалыптастыру мақсатында 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына арналған салтанатты сап өтті.Осы іс-шараның жүргізушілері 9-сынып оқушылары Рахымбеков Досбол мен Сәрсенбаева Нұрай Ауған соғысына шолу жасады.Оқушылар интернационалист-жауынгерлердің жүріп өткен жолы, Отанға деген терең сүйіспеншіліктері туралы тарихи мәліметтерді қызығушылықпен және толғаныспен тыңдады. , оқтың астында қалу, достармен мәңгілік қоштасу қаншалықты қиын екені туралы, анасының бейітінің басын жоқтағандары туралы, елдің түкпір-түкпіріндегі жүздеген келіндердің жалғызын күтпегені туралы...
Шараға біздің жерлес жауынгер – интернационалист Сүлейменов Бекболат Ирмашұлы қатысты. Әскери борышын өтеу Ауғанстандағы мыңдаған интернационалист-жауынгерлер сияқты ол да Отанға қызмет ету жолында өз үлесін қосты. Кезекте 10-сынып оқушысы Қожахметов Айдынға болашақ Отан қорғаушыларды шақыруға тіркеу куәлігі табыс етілді.
Мектеп оқушылары сол бір ыстық жылдардың әскери шежіресін ақтарып, интернационалист-жауынгерлерге арналған әндер мен өлеңдерді тыңдады.
/public/files/2022/2/18/180222_191722_whatsapp-video-2022-02-18-at-144823.mp4
ТІ меңгерушісі Кишкенина С.Р