«Біз –жас жаяу жүрушіміз»
2019 жылғы 20 ақпан күнің 1 сыныпта жолда жүру ережесі бойынша «Біз –жас жаяу жүрушіміз» тақырыбымен сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: Жолда жүру ережесін қайталау, практикалық іс әрекетте қолданылған білімдерін қолдану.
Сынып сағаты ойын түрінде өтті. Оқушылары мектеп алды сынып балаларынан жолда жүру ережесі туралы жұмбақты шешуге көмектесу үшін хат алды. Оқушылар арасында пікірталас өтті. Балалар сынып сағатында пазылдардан жол белгілерін құрастырып, олар не үшін керек екені жайында әңгімеледі. Сынып сағаты ортасында жетекшілері Камалова С.Н жолда жүру ережесі бойынша балалармен «Бұл мен, бұл мен ,бұл менің достарым» атты сергіту ойынын өткізді . Сынып жетекшісі балаларға жолда жүру ережесіне сай ұсыныстар берді.
Ақпаратты дайындаған тәрбие ісінің меңгерушісі: Глазебная В.А