Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірі «дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім пәндері бойынша республикалық ғылыми жоба байқауларын өткізеді. Осы жылы байқау 13-нен 16 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» сауықтыру орталығы мен Ұлттық ғылыми-практикалық білім базасында өтті.
Байқау кезеңдерінің қорытындысы бойынша биыл 625 ғылыми жұмыс өтті. 157 республикалық білім беру ұйымдарынан 811 оқушы қатысты, оның ішінде 495 оқушы қазақ мектептерінен.
Сол балалардың ішінде Ақмола облысының құрамынан біздің мектептен 9 сынып оқушысы Ирмашев Назар қатысты. Бұл байқаудың қорытындысы бойынша назарға қатысқаны үшін Сертификат табыс етілді.
Ирмашев Назар мен оның жетекшісі Сүлейменова Асемгүл Тоқтаровнаға келешекте үлкен жетістіктерге жетуге тілектеспіз.
Ақпаратты дайындаған оқу ісінің меңгерушісі Омарова Г.Б