1 қыркүйек-Білім күні
1 қыркүйек күні Баянбай ауылының орта мектебінде 2019-2020 жаңа оқу жылы мен Білім күніне арналған салтанатты саптүзеу қоңырау үнімен шабытты және көңілді өтті.
1-11 сынып оқушылары үшін осы мерекемен жаңа оқу жылы басталды. Мектеп директоры Дорогова О.П өз әріптестерін, оқушылар мен ата-аналарды
Білім күнімен құттықтады.Салтанатты саптүзеу барлық жағынан да өте жоғары деңгейде өткені байқалды.
Есиль Агро демеушілері бірінші сынып оқушыларына оқу құралдарымен портфель сыйлады.
Ең алғашқы қоңырау соғу-1 сынып оқушысы Болташев Жалғас пен 10 сынып оқушысы Камалова Заринаға берілді.Бірінші сынып оқушылары қошеметпен « Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбымен алғашқы сабаққа барды.
Оқу ісінің меңгерушісі:Глазебная В.А