Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Баянбай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Баянбай ауылының жалпы орта беретін мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа жыл шыршасын өткізу туралы ақпарат

03.01.2020

Жаңа жыл кішкентай балалар мен оқушылар үшін көптен күткен  сиқырлы мереке екені бәріне мәлім. 2019 жылғы 27 желтоқсан күні Баянбай ауылының орта мектебінде «Жұлдызай» шағын орталық балалары мен ұйымдастырылмаған бүлдіршіндер үшін Жаңа жыл шыршасы ұйымдастырылды. Ал мектеп алды балалар мен 1-4 және 5-10 сынып оқушылары үшін 29 желтоқсан күні өтті. Әдемі безендірілген шырша өз қонақтарын әшекейленген залда қарсы алды және балалар мен олардың ата – аналарына ертегі әлемінің көңілді көңіл күйін сыйлағандай болды.  Әсем әуен, әдемі безендірілген зал, костюмдер, қызықты байқаулар мен шырша маңындағы жаңа жыл әндерімен жақсы көтеріңкі көңіл күймен балалар жаңа жыл кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қарды қарсы алды. Сонымен қатар жаңа жылда балалардың көптен күтетін тосын сыйы- тәтті сыйлық. Қөрген қойылымдар балалардың бойына ұмытылмас әсер қалдырды.

 

Ақпаратты дайындаған Т І орынбасары Глазебная В.А.

Просмотров: 506


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст