Қаңтардың 27-сі күні Баянбай ауылының орта мектебінде «Ғаламторсыз бір күн» акциясы өтті.
Бұл акцияның мақсаты-адамдарды компьютерлерден және жаһандық желіден толықтай алаңдату,бұл күнді" шынайы " әлемде өмір сүру, оны өзінің сүйікті ісіңе және жақын адамдармен қарым-қатынас жасауға арнау.
Осы мақсатта оқушылар "Интернет үстінде сот: қолдаймын және қарсымын" атты сахналау дайындады, онда қызықты түрде ғаламторды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетті.
Сынып сағаттары, 5-10 сынып оқушылары арасында эссе сайысы және 1-4 сынып оқушылары арасында "Мен ғаламторсыз күнді қалай өткіздім?"суреттер конкурсы өткізілді.
Ата-аналармен балалардың ғаламтордағы іс-әрекетін бақылау қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді.
Ақпартты дайындаған аға тәлімгер Визнер В .А