Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Баянбай отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Баянбай ауылының жалпы орта беретін мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесі

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білімді ұлт-жарқын болашаққа бағдар"

22.12.2023

Осындай атаумен "Баянбай ауылының ЖББМ"КММ-де аймақтық семинар өтті. Бұліс-шара мұғалімдердіңт әжірибе алмасуға, оқытудың инновациялық әдістерін үйренуге, сондай-ақ әріптестерінен қолдау мен шабыт, мүмкіндік алуға бағытталған.

Магниттік мектептерге арналған семинардың негізгі мақсаты мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға және олардың педагогикалық қызметін жетілдіруге, көмектесуге бағытталған. Қатысушыларға  мотивация мен психологиялық көңіл-күй  сыйлау үшін мектеп психологы Г. Ж. Ахметова тренинг өткізді.

Семинар аясында педагогтар оқытудың жаңа әдістемелерімен алмасты. Атап айтқанда, Сәтбаев атындағы ЖББМ химия және биология пәнінің мұғалімі Жүсіпова Айнара Төлегенқызы "Олимпиада-дарынды балалармен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі" атты  тәжірибесінің тұсаукесерінде жұмыстың нәтижелілігін көрсетті.

Сәтбаев атындағы  ЖББМ ағылшын тілі мұғалімі Садырова Аякөз Өтегенқызы  "Ағылшын тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың өзектілігі" тақырыбында сөз сөйлеп, мазмұнымен ғана емес, интерактивті дизайнымен де тартымды түрлі инновациялық дидактикалық материалдармен бөлісті. Ашық сабағын жетекші мектептің бастауыш сынып мұғалімі Күләш Темірғалиқызы Сейпульдинова ұсынды. Сабақ барысында ол оқыту мақсаттарына қолжеткізу үшін түрлі ақпараттық платформаларды пайдаланудың тиімділігін ұсынды, онда балалардың белсенді қызметі мен оң уәждемесі байқалды. Семинар соңында "Жасанды интеллект-ағылшын тілін оқытудағы көмекші" шеберлік дәрісімен ағылшын тілі мұғалімі Евгения Федоровна Гомолко сөз сөйледі. Ол цифрлық технологияның маңыздылығын тағы бір рет дәлелдейтін көптеген білім беру платформаларын көрсетті. Семинарда мұғалімдер достық атмосферада бір-бірімен сөйлесе алды, өз тәжірибелерімен бөлісті және өз жұмысында кездесетін мәселелерді талқылады. Пікір алмасу барысында мұғалімдер қолдау мен жанашырлық тауып, әріптестерінен құнды кеңестер ала алды. Біздің ойымызша, мұндай өзара әрекеттесу олардың кәсіби қызметінде сенімді және табысты болуына көмектеседі.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст