Текст
27 желтоқсан күні аудан әкімінің қатысуымен жаңа жылдық шырша өтті. Білімдегі, спорттағы және шығармашылықтағы жетістіктері назар аударуға тұрарлық мерекелік шыршаға аудандық түкпір-түкпірінен жүзден астам дарынды мектеп оқушылары жиналды. Бурабай ауданының әкімі Садықов А.С. Жаңа жылда барлық тілектері орындалып, сәттілік тілеп, балаларды құттықтады. Шараға Шалабаева Аружан мен Болташев Жалғас қатысты. Шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледжінің ғимаратында ұйымдастырылды.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Дүйсенова Г.