Өрт сөндірушілерге қонаққа
Кеше, 21 ақпан күні ШІ айлық аясында, Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс Күні қарсаңында, мектеп оқушылары мектеп
әскери жетекші Сағындықов Жоламан Жанабыловичтің жетекшілігімен Щучинск қаласының 23-МӨСБ жасағына барды. Экскурсия басында Щучинск қ 23-МӨСБ жасағының бөлім бастығының орынбасары, азаматтық қорғау капитаны Омарова Н.А., Щучье қаласының ӨБОП-ж жасағының бастығы азаматтық қорғау аға лейтенант Асқаров О. Ж., байланыс отрядының аға шебері азаматтық қорғау сержанты Альмухамбетова А.Р. өз жұмыстарында кездесетін қиындықтары туралы айтып берді . Балаларға қару-жарақтұрған бөлігінде өрт сөндіру техникасын және апаттан құтқару құралын көрсетті. Өрт сөндірушілерді балалар мұқият тыңдады.Өрт кезінде автомобильдердің қызметі мен олардың қалай жабдықталғаны балаларды қатты қызықтырды. Экскурсия соңында өрт сөндірушілер өрт сөндіргіш заттарды өндіруде нағыз жауынгерлік ерліктерін көрсетті. Әсіресе өрт сөндірушілердің іс-әрекетін мұқият қарап жүрген балаларға бұл кездесу қатты ұнады. Балалар өрт сөндірушілерге қызықты экскурсия үшін алғыс сезімін білдірді және әрдайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға уәде берді.