«Анам және мен-айырылмас достар»
Өзін-өзі тану онкүндігі ішінде аналар қатысуымен байқау өтті. Бағдарламада келесі аналар қатысты: Гомолко Олег 8 сынып оқушысы анасы Гомолко Евгения Федоровнамен, Сериков Төлеген 9 сынып оқушысы анасы Кукенова Назира Койшегуловнамен, Тесленко Владислав 7сынып оқушысы анасы Федорова Евгения Геннадьевнамен, Кульбако Аня 6 сынып оқушысы анасы Кульбако Ольга Николаевнамен. Іс-шара барысында «Отбасын таныстыру карточкасы», «Біз не жегенді ұнатамыз?», «Спорттық», « Мені дұрыс түсін», «Күлше қыз», «Менің үйім».
«Таныстыру карточкасы» байқауында балалар аналарымен бірге өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті: бейне фильмдер, өз отбасы туралы слайдтық презентацияларын көрсетті, ән шырқады. «Бір-бірлерінді қаншаға жақсы білесіңдер» атты байқауда балалар аналарымен бір-біріне арқаларын сүйене отырып, жүргізуші өзін-өзі тану мұғалімі Омарова Г.Б балаларға сұрақ берді, ал аналары бұған жауапты қағазға жазды, содан кейін балалар жауап берді. Әділқазылар сәйкестерін санады.
Келесі байқау-үй тапсырмасы «Көркем» балалар аналарымен бірге ән шырқады. Біз аналарымызға қалай жиі махаббат пен алғыс сөзді тым кеш айтамыз. Мейірімді және нәзік сөздерді аналарымызға айтайық. Өз жетістіктеріңмен аналарыңды қуанта біліңдер, өз балаларына, яғни сендер үшін істеген істеріне лайықты болыңдар. «Анашым, кешірші мені!» сөзін айтуды еш қашандан ұмытпаңдар. Кейін балалар аналарымен бірге «Мама, будь всегда со мною рядом» әнін шырқады.
Әділқазылар: география мұғалімі Сагандыкова С.М., бейнелеу өнерінің мұғалімі Глазебная В.А., 7 сынып оқушысы
Ирмашев Назар қатысушыларды келесі номинациялармен марапаттады «Өте артісті отбасы», «Өте шығармашыл отбасы», «Өте көңілді отбасы», «Өте спортты отбасы», «Өте нәзік отбасы».
Іс-шара өте мейірімді, жылы жағдайда өтті, аналар мен балаларға ұнады. Бірге атқаратын жұмыс түрі ата-аналар мен балаларды біріктіреді, отбасы арасындағы қатынас жылы және мейірімді болады.